Петиция қосу

Петиция! Қазақстандағы Ресей телеарналарын жабуды талап етеміз!

Петиция! Қазақстандағы Ресей телеарналарын жабуды талап етеміз!

2663 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Қолдаймын 2297
Қарсымын 366
"Қазақстан территориясы - Ресейдің берген сыйлығы" деп жар салған Дума депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесі Ресейдің "Первый канал" мемлекеттік арнасының мінберінде айтылды. Ресейдің федералды арналары бұған дейін де Қазақстанның егемендігіне қол сұғып, жеріне көз сүзетін мәлімдемелерді таратқан. Тіпті Ресейді жақтамаған уақытта Қазақстанға қыр көрсететін пікірлер арналардың эфирінде айтылғаны баршаға мәлім.

Адвокат Абзал Құспан ұлтараздығын қоздыратын, доспейіл емес мәлімделелерді эфирде тарататын Ресейдің федералды арналарына Қазақстанда тыйым салу керек деп есептейді.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да Ресей арналарына тыйым салынуы тиіс деген пікірді жақтайды. "Бізде ақпараттық қауіпсіздік деген ұғым жоқ. Өйткені теледидарды қоссаң, 80-90 пайызы - Ресейдің телеарналары. Ешбір елде мұндай жоқ. Басқа елдерде де халықаралық, әлемдік арналар көрсетіледі. Бірақ басым көпшілігі елдің телеарналары болады. Ал бізде керісінше. Никоновтың, Жириновскийдің мәлімдемелері ұлтаралық араздықты қоздырады. Сондықтан бұл арналар жабылуы керек. Алайда бұл үшін биліктің ерік-жігері болуы тиіс. Одан басқа ешқандай көлденең механизм жоқ", - деді Мұхтар Тайжан.

Біз, петицияға қол қойған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Ресейдің федералды арналарын көрсетуге тыйым салуын талап етеміз!

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

1.05.2022, 01:12, авторы Өркен Болат.

Петиция! Қазақ мектептерінен орыс тілі пәні алып тасталсын!

Telegram каналға өту
Karlyga
11:05, 18.05.2022
Про войну с Украиной неправдивую информацию дают, например, как будто убийства мирных в Буче по версии российских каналов-фейк и постановка и как будто Россия великая. В чем её величие? В том, что убивают ни в чем неповинных? В том, что захватывают чужие территории?

EGOV.PRESS / Барлық петициялар / Петиция! Қазақстандағы Ресей телеарналарын жабуды талап етеміз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сайт тәртібі мен бізбен байланыс

Перевести на русский язык