Петиция! Қаңтар қырғыны бойынша жазықсыз қамауда отырғандар босатылсын! Қаза болғандарға құн төленсін!
6152 қол қойған. Нәтижені басып шығару.
ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАСІРЕТІНЕ АЙНАЛДЫ! Асыра сілтеушілер мен Президенттің жарлығына саботаж жасаушылардың кесірінен жазықсыз жандардың да жапа шеккенін Қасымжомарт Кемелұлының өзі Жолдауында атап өтті. Сол аласапыран күндері азаптау себебінен БІРНЕШЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЛІМ ҚҰШҚАНЫ, КӨПТЕГЕН ЖІГІТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАНЫ бәрімізге белгілі. Бұнымен қоймай, Тергеу орындарында әлі де ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНДАРДЫҢ ОТЫРҒАНЫН, ЖАСЫРЫН ТҮРДЕ АЗАПТАУ ФАКТІЛЕРІНІҢ ЖАЛҒАСЫП ЖАТҚАНЫН естіп-біліп отырмыз.
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Егемен мемлекет болған кезде мұндай сұмдық фактілердің орын алуы – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ӘРБІР САНАЛЫ АЗАМАТЫН ШОШЫТТЫ, НАЗАЛАНДЫРДЫ; АШУ-ЫЗАМЫЗДЫ ОЯТЫП, НАМЫСЫМЫЗДЫ МАЗДАТТЫ!
Біз, Қазақстан азаматтары, Еліміздің Конституциясы мен санғасырлық Дәстүріне сүйене отырып, мына дүниелерді талап етеміз:
1. Кезінде «10 МЫҢ АДАМ ҚАМАЛДЫ» деген хабар айтылып еді, ҚАЗІР ҚАНШАСЫ ҚАМАУДА, ҚАНШАСЫ БОСАТЫЛДЫ? ҚАМАУДАҒЫЛАР НЕ ҮШІН ОТЫР? – Осы мәліметтер БАҚ арқылы ашық түрде халыққа жариялансын! КІНӘСІ НАҚТЫ ӘРІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ДӘЛЕЛДЕНГЕНДЕРДЕН БАСҚА АЗАМАТТАР БОСАТЫЛСЫН!
2. Бейбіт шеруге шыққан көпшілікті арандатып, ғимараттарды өртеп, бүлдіріп, тонауды бастаған, құқық қорғау қызметкерлері мен бейбіт халыққа оқ атып қырғын жасаған, ел тұтастығына қауіп төндірген бұзғыншы, АРАНДАТУШЫ ҚАНІШЕРЛЕРДІҢ КІМДЕР ЕКЕНІ, кімдерге қатысты екені зерттеліп, анықталсын! ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ЖАЗАЛАНСЫН!
3. «Ескертусіз ату» деген бұйрықты асыра пайдаланып, «БІЗ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚПЫЗ. ТЕРРОРИСТ ЕМЕСПІЗ!» деген жазуды қорған көріп, АЛАҢДА АЛАҢСЫЗ ТҰРҒАН ХАЛЫҚТЫ ҚЫРЫП САЛҒАН ӘСКЕРИЛЕРДІҢ КІМДЕР ЕКЕНІ және СӘБИЛЕРДІ, ҚАРУСЫЗ ҚАЗАҚТАРДЫ, БАЛА ЕМІЗІП ОТЫРҒАН ЖАЗЫҚСЫЗ АНАЛАРДЫ АТҚАНДАР анықталып, жазалансын!
4. Ауруханада ауыр жаралы хәлде жатқан азаматтарды сүйреп алып кеткен және «күдікті» деген статуспен ұсталғандықтан, ДӘЛЕЛМЕН ҒАНА ТЕРГЕЛУГЕ ТИІСТІ АЗАМАТТАРҒА АДАМ АҚЫЛЫНА СЫЙМАЙТЫН: ыстық үтікпен күйгізу, үстіне ыстық су құю, тырнақ көбесіне ине тығу, ДУБИНКАМЕН АЯУСЫЗ ҰРУ, ЗОРЛАУ СЕКІЛДІ адамгершіліктен жұрдай ФАШИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУҒА БҰЙРЫҚ БЕРГЕН және оны тікелей іске асырған ОРЫНДАУШЫЛАР ТҮГЕЛ АНЫҚТАЛЫП, ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН! Осы бағытта жүргізіліп жатқан тергеудің нәтижелері тұрақты түрде жарияланып тұрсын!
5. Жақындары қаза болып қара жамылып, ауыр қайғыға батып отырған қорғансыз отбасыларын одан ары зарлатып, ӨЛГЕН АДАМДАРЫН КӨРДЕН ҚАЗЫП АЛУ секілді адамгершіліктен ада іс-әрекетке ОРЫНСЫЗ САНКЦИЯ БЕРГЕН ШЕНДІЛЕР МЕН СОЛ ҮКІМДІ АРСЫЗДЫҚПЕН АТҚАРҒАНДАР да түгел анықталып, жауапқа тартылсын!
6. Бейбіт, жазықсыз адамдардың оққа ұшып қаза болғандарына, тергеу барысында өлтірілгендерге ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРІ БОЙЫНША ҚҰН ТӨЛЕНСІН! Ауыр жараланғандар мен азапқа ұшырағандарға мемлекет тарапынан ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛСІН!
7. Қиын-қыстау сағатта САБОТАЖ ЖАСАҒАН КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН! Күштік құрылымдар, әсіресе ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ ТҰТАС ҚАЙТА РЕФОРМАЛАНСЫН! Халық пен полиция арасын жарастыратын, ЖАСАНДЫ ӨШПЕНДІЛІКТІ ЖОЯТЫН іс-шаралар дереу қолға алынсын!
Қазақ елі азаматтарының атынан «ХАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ».

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.
18.04.2022, 17:46, авторы Алғадай Әбілғазыұлы.
начало«34
Наиля Сабиржанова
08:59, 13.05.2022
Аида Иманбаева
19:21, 13.05.2022
Akmaral Mussayeva
21:08, 13.05.2022
Tursyngali
09:46, 14.05.2022
Жанар Байсағатова
10:01, 14.05.2022
Нуржан Айсабаева
16:42, 14.05.2022
ШалгимбаеваСауле
06:30, 15.05.2022
Әлімбек
09:54, 19.05.2022