Петиция қосу

Петиция! Ұлытау облысы, Жезді ауданы статусын беруді сұраймыз!

Петиция! Ұлытау облысы, Жезді ауданы статусын беруді сұраймыз!

6641 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Қолдаймын 6465
Қарсымын 176
Құрметті Президент Қасым Жомарт Кемелұлы!!!

Біз бұрынғы Жезқазған облысы Жезді ауданы Жезді кенті тұрғындары, бүгінгі таңда Қарағанды облысы Ұлытау ауданына қарастырылған. 1997 жылға дейін халқы 9,5-10 мың адам мекендеген еді, сол жылдан бастап Жездіні аудан статусынан айырғаннан кейін кентімізден халық үдере көшіп жұртта қалған күйміз туралы егжей тегжей айтудың қажеті шамалы деп ойлаймыз. Бүгінде 2,3-2,5 мыңға жуық тұрғыны бар. Сіздің 16.03.2022 жылғы жасаған жолдауыңызда Жезқазған өңірінен «Ұлытау» облысын құру туралы шешіміңіздің маңыздылығында біз үшін үлкен мәні бар.

«Ұлытау» облысы осы өңірдің дамуына үлкен серпін беретініне барша халықтың қуанышы басылмай отырғанын айта кетпеу мүмкін емес.

Ендігі кезекте біз сізден, бұрынғы Жезді ауданының халқының сұрайтыны:

Сол 1997 жылдардағы біз үшін өте қате шешімді, (екі ауданды бір біріне қосып Жезді ауданын жауып орталығын Ұлытау селосы жасаған) сол шешімді қайта қалпына келтіріп металургияның қара шаңырағы Қарсапайдың атын шығарып орталығын Жезді кенті қылып қайта ашылса деген тілегіміз бар.

Жезді кентінің орталық болуына себеп өте көп:

Біріншіден 1942-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне үлкен пайдасы тиген тарихи орын, екіншіден сол уақыттан бергі тұрақты халықтың кен өдірісін дамытуда қосқан үлесі орасан, сол халықтың басым көпшілігі осы кентте тұрып осы кентте мықты инженерлеріміздің арқасында кенттің барлық инфрастуктурасын келістірген, енді сол акелеріміздің әр тасын қолымен қалаған кенттің бүгінгі жағдайы алаңдатады, кентімізге темір жолы тартылған және де жұмыс жасап тұр, бүгінге дейін 80% әр үйге тартылған су құбыры бар, кәріз жүйесі қалыпты жұмыс жасауда, электр энергия жүйесі бар, бұрынғы аудан орталығы кезіндегі ғимараттардың көпшілігі иесіз болсада сақталған, бұл инфраструктураның қажығаны болса да бар,олады қалпына келтіруге болады.

Ең маңыздысы бұл Жезді кентінің орналасқан жері тоғыз жолдың торабы,жан жағындағы елді мекендерге қатынауына ең оңтайлы орталықта орналасқандығы, бүгінде қазіргі Ұлытау ауданының басым көпшілігі 60% жуық халықы бұрынғы Жезді ауданы өңірінде орналасқандығы. Жезді ауданының бұрынғы ауыл округтері - шығысында Мибұлақ ауылы, Сарысу ауылы, Борсеңгір ауылы, батысында Қарсақбай кенті, Ақтас кенті, Пионер ауылы, Байқоңыр ауылы, Қарақұм ауылдары орналасқан.

Бұл елді мекендерге аудан орталығының Ұлытау ауылында орналасқанынан қиындық туғызып отырғаны жолдың қашықтығында, ең алыс ауыл, орталықтан 300-350 км қашықтықта. Ал орталық Жезді кентіне ауысса 150-220 км дейін жол қашықтығы азайатыны сөзсіз. Бұрынғы Жезді ауданы қазіргі Ұлытау ауданынан бөлек аудан болып қайта құрылып, Жезді кенті бекітілсе осы өңір тұрғындарының барлығының шаруалары оңынан туып экономикамыздың дамуына серпін берері сөзсіз, және де Жезді кенті қайта түлеп гүлденетініне толық сеніммен айта аламыз, және бұл статус халықтың санының өздігінен күрт өсіуіне әкелері сөзсіз.

Біздің,осы Ұлытау облысының құрылуына байланысты құрылған коммиссияда бұрынғы Жезді ауданының бөлек қайта құрылуы экономикамыздың дамуына өте тиімді екенін ескерсе екен деген тілегімізді ескерусіз қалдырмайды деген ниеттеміз.

Құрметпен: Жезді кенті, Қарсақпай, Ақтас, Пионер, Байқоңыр, Қарақұм, Мибұлақ, Сарысу, Борсеңгір елді мекендер халқы.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

29.03.2022, 00:32, авторы Калыбек Башарулы Утенов.

Петиция! Қазақ мектептерінен орыс тілі пәні алып тасталсын!

Telegram каналға өту
Для этой публикации еще не оставляли отзывы. Вы можете быть первым пользователем.

EGOV.PRESS / Барлық петициялар / Петиция! Ұлытау облысы, Жезді ауданы статусын беруді сұраймыз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сайт тәртібі мен бізбен байланыс

Перевести на русский язык