Петиция қосу

Петиция! Мақаншыға аудан статусын беріп, атын Қабанбай ауданы деп қоюды талап етеміз!

Петиция! Мақаншыға аудан статусын беріп, атын Қабанбай ауданы деп қоюды талап етеміз!

10467 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Қолдаймын 10371
Қарсымын 96
Қазіргі таңда бұрынғы Мақаншы ауданынан түсетін барлық кіріс түрлері, Үржар ауданының кірісінің 60%-ын құрайды екен. Демек Мақаншы аудан болған жағдайда, өзін толығымен қамтамасыз ете алады.

Мақаншы ауданының басты кіріс көздері: Мал шаруашылығы, мал саны жағынан Үржар ауданынан екі есе көп. Егін шаруашылығы жағынан суғармалы жер жеткілікті, барлық дәнді дақылдар, екпе шөптер (жоңышка, эспарцет), жеміс-жидек, қауын-қарбыз, жүзім, алманың барлық түрлері өседі, өз ауданымызды толығымен қамтамасыз ете аламыз. Туризм саласында «Барлық-Арасан» шипалы су және жылына 1 миллион демалушы қабылдайтын «Алакөл» демалыс аймағы, «Тарбағатай» табиғи қорығы сияқты демалыс аймақтары бар. Қытаймен шекаралас «Бақты» кедені және «Жалаңашкөл» көмір шахталары бар. Осындай байлығымыз бола тұра, неге басқа ауданға тәуелдіміз.

Мақаншы аудан болған жағдайда, мемлекеттік мекемелерді орналастыруға арналған ғимараттар дайын.

1997 жылға дейін Мақаншы ауданында 50 мыңға жуық халық тұрған, Үржар ауданына қосылған уақыттан бастап, бұрыңғы Мақаншы ауданында қазіргі таңда 30 мыңға жуық халық қалған, 20 мыңы көшіп кеткен, енді бір 25 жылда шекарамыз иен қалады. Сол себепті бұрыңғы Мақаншы ауданына қайтадан аудан деген статусын беріп, ауданның атын кезінде осы жерді өзінің батырлығымен Жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалған Қабанбай атамыздың атын беріп, аудан орталығын Мақаншы ауылы болуына дауыс берейік АҒАЙЫН!

Бұрыңғы Мақаншы ауданының жер көлемі толығымен Шекаралық аймақта орналасқан, ал шекаралық аймақ мынандай заманда ерекше статусқа ие болуға тиіс. Осы мақсатта туымыз желбіреп шекарамыз берік болу үшін, шалғайда жатқан ауылдарға көшіп кеткен халықты қайта шоғырландыру мақасатында, жаңадан жұмыс көздерін ашып, халқымызға жаңа жігер беру қажет. Бұрыңғы Мақаншы ауданына қайтадан аудан статусын беру, ол маңызы зор, үлкен стратегиялық бағыт!

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

5.03.2022, 16:06, авторы Есенов Қуаныш Мұхаметжанович.

Петиция! Қазақ мектептерінен орыс тілі пәні алып тасталсын!

Telegram каналға өту
Таяпбергенова Гульшан
15:30, 20.04.2022
Маканшыға бурынгы статусын беруды сураймыз
Ержан Толеутаевич Сайлыбаев
16:36, 20.04.2022
Мақаншы аудан болуға тиісті
Айжан Куанышбаева Құлжабайқызы
07:23, 21.04.2022
Мақаншы аудан болғанын қалаймыз. Халық көп шоғырласқан шекаралық әрі туризм аймағы бола тұра Мақаншыға көңіл бөлінбеу деген дұрыс емес. Бұл халықтың экономикасына кері әсер етеді. Жылдан жылға қала—далаға көшу деген азаяр еді, аудан орталығы болса жастарға да жұмыс орталығы көбейер еді. Мен әрине Мақаншының аудан болуын қуана, қуана қолдаймын!!!!! Ауданымызды қайтарыңыздар!!!!!
Асем Мухамадиева
10:10, 21.04.2022
Болсын аудан

EGOV.PRESS / Барлық петициялар / Петиция! Мақаншыға аудан статусын беріп, атын Қабанбай ауданы деп қоюды талап етеміз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сайт тәртібі мен бізбен байланыс

Перевести на русский язык