Петиция қосу

Петиция! Қазақстан Конституциясынан орыс тілінің мәртебесін алып тастауды талап етеміз!

Петиция! Қазақстан Конституциясынан орыс тілінің мәртебесін алып тастауды талап етеміз!

355069 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Қолдаймын 273028
Қарсымын 82041
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп көрсетілген.

Орыс тілі керек. Бірақ халықаралық маңызы бар тіл ретінде ғана қажет. Бұл тіл балабақшада ағылшын тілі секілді шет тілі ретінде оқытылуы тиіс. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып қалуы қажет. Іс қазақ тілінде ғана жүргізілуі керек. Осындай шара қабылдамасақ, қазақ тілі жойылады.

Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, Парламенттен және ел Президентінен Конституциямыздағы орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастауды талап етеміз. Қазақстан Конституциясында тек қазақ тілі ғана болуы тиіс.

Қазақ тілінің мәртебесін көтерейік ағайын! Патриотизмді ұлтшылдықпен шатастырмаңыздар!

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

28.02.2022, 02:58, авторы Қаныш Темір.

Петиция! Қазақ мектептерінен орыс тілі пәні алып тасталсын!

Telegram каналға өту
EGOV.PRESS / Барлық петициялар / Петиция! Қазақстан Конституциясынан орыс тілінің мәртебесін алып тастауды талап етеміз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сайт тәртібі мен бізбен байланыс

Перевести на русский язык