Петиция қосу

Петиция! Марқакөлге аудан статусын талап етеміз!

Петиция! Марқакөлге аудан статусын талап етеміз!

4137 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Қолдаймын 4127
Қарсымын 10
Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл өңірінің жергілікті халқының жағдайы өте нашар. Шеттегі әлі ондаған, жүздеген үйлері бар ауылдарда: Төсқайың, Бұғымүйіз, Ұранқай, Ақжайлау, Қарашілік т.б. таза су құбырлары мүлде тартылмаған. Шекарадағы таулы аймақта жол жоқ. Жол болмаған соң, туристер де жоқ.

Әлем жұрты қызығатын әдемі табиғаттың туристік потенциалы іске аспай тұр.Марқакөлдің жағасындағы 400 дей тұрғыны бар Ұранқай ауылының мектебі 2020-жылы оқытушы қауыпты деп, жабылып қалған. Жаңа мектептің құрылысы әлі басталған да жоқ. Халық балаларын оқыту үшін, көшіп жатыр. Аудан орталығына жету қиын.Соңғы 4-5 жылда жоғары жақтан келіп, күманды рұқсат құжаттар алып, таулардың, өзен сулардың астан кестеңін шығарып, тонап жатқан алтын қазғыштар көбейіп кетті.

Үлкендері ЖШС"Кемп-Восток", ЖШС "Майнинг", ЖШС "Қазақмыс барлау", ЖШС"Сұңқар" бағалы қылқан жапырақты орманды алқапты табиғатқа үлкен зардап келтіріп, жойылу қауіпін төндіріп отыр. Халық соған алаңдаулы. Тоқтатуды талап етеді. Шегаралық өңірлерді дамыту бағдарламалары қағаз жүзінде де ғана қалып жатыр. Шегаралық ауданды қалпына келтіруді сұраймыз.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

1.02.2022, 18:03, авторы Шалбарбаев Данияр Қуанышевич.

Петиция! Қазақ мектептерінен орыс тілі пәні алып тасталсын!

Telegram каналға өту
Рустем Тлеуов
09:33, 25.04.2022
Мен колдаймын.

EGOV.PRESS / Барлық петициялар / Петиция! Марқакөлге аудан статусын талап етеміз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сайт тәртібі мен бізбен байланыс

Перевести на русский язык